Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Эпилепсия патогенезіндегі дәріге төзімділік механизмдерінің негізгі аспектілері: генетикалық зерттеулердің рөлі

2026 жылғы 19-20 қазан • Түркістан, Қазақстан

Қатысу тегін Офлайн және онлайн

Эпилепсияны диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері, генетикалық зерттеулер және күрделі клиникалық жағдайлар бойынша халықаралық тәжірибе алмасу.

Ұйымдастырушы: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын және түрік.

Афишаны үлкейтіп ашу
Афишаны үлкейтіп ашу Афишаның PDF нұсқасы

Конференция

Конференция туралы

Конференция дәріге төзімді эпилепсияның клиникалық, патогенетикалық және молекулалық-генетикалық механизмдерін талқылауға арналған. Мақсаты - диагностика мен емдеудегі заманауи ғылыми жетістіктерді саралау, генетикалық зерттеулердің клиникалық тәжірибедегі маңызын талқылау және ғалымдар мен дәрігерлер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Іс-шара AP23489425 «Түркістан облысындағы дәріге төзімді эпилепсиямен ауыратын науқастардың генетикалық профилінің зерттелуі» ғылыми жобасы аясында, BR24992814 ғылыми жобасының жұмыс тобының қатысуымен ұйымдастырылады.

Кімдерге арналған

Неврологтар, эпилептологтар, педиатрлар, терапевттер, жалпы практика дәрігерлері, медициналық генетиктер, молекулалық биологтар, клиникалық зерттеушілер, оқытушылар, докторанттар, магистранттар, резиденттер және жас ғалымдар шақырылады.

Негізгі тақырыптар

  • Дәріге төзімді эпилепсияны диагностикалау және емдеу; күрделі клиникалық жағдайларды басқару.
  • Эпилепсияның генетикалық және эпигенетикалық негіздері; молекулалық биомаркерлер.
  • Фармакогенетика, фармакогеномика және дербестендірілген медицина.
  • Толық экзомдық және геномдық секвенирлеу; генетикалық варианттарды интерпретациялау.

Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Корея Республикасы, Ұлыбритания, Үндістан және Пәкістан мамандарының қатысуы жоспарланған.

Бағдарлама

Бағдарлама

19 қазан - ғылыми бағдарлама: халықаралық сарапшылардың баяндамалары, эпилепсия диагностикасы мен емдеуі, сирек аурулар және молекулалық зерттеулер жөніндегі сессиялар, постерлік сессия.

20 қазан - практикалық бағдарлама: клиникалық жағдайларды талқылау және зертханалық сабақтар. Бағдарламада ДНҚ бөліп алу, Qubit көмегімен мөлшерін анықтау, TapeStation көмегімен сапасы мен тұтастығын бағалау және зертханалардың мүмкіндіктерімен танысу қарастырылған.

Бағдарламаны толық экранда ашу

Бағдарламаны толық экранда ашу

Өту орны

Өтетін орны және қатысу форматы

19 қазан: университеттің Мәдениет сарайының кіші залы, Түркістан қаласы, Бекзат Саттарханов даңғылы, 29. Қатысушыларды тіркеу: 08:15-09:00. Салтанатты ашылу: 09:00.

20 қазан: ХҚТУ Клиника-диагностикалық орталығының оңалту бөлімшесі және университеттің зертханалары; толық ақпарат бағдарламада берілген.

Қатысу форматы - офлайн және онлайн. Онлайн-қосылу туралы ақпарат ұйымдастыру комитеті ұсынғаннан кейін сайтта жарияланады.

Онлайн қатысу

Zoom конференциясына қосылу

Конференция идентификаторы
960 8807 5160
Кіру коды
627055

Тіркелу

Конференцияға тіркелу

Тіркелудің соңғы күні: 2026 жылғы 15 қазан. Жабылудың нақты уақыты ұйымдастыру комитеті бөлек белгілейді. Тезис жіберу тіркелудің міндетті шарты емес.

Қатысу форматы
Қатысатын күндері

Тезистер

Тезистерді ұсыну

Конференция аясында ғылыми баяндамалардың тезистер жинағын басып шығару жоспарлануда. Тезисті жеке форма арқылы .docx форматында жіберіңіз немесе epilepsyconference@ayu.edu.kz мекенжайына жолдаңыз.

  • Негізгі мәтін 250 сөзден аспауы тиіс; тақырып, авторлар туралы мәліметтер, түйін сөздер және әдебиеттер тізімі сөз санына кірмейді.
  • Файл форматы - Microsoft Word .docx; қаріп - Times New Roman, 12 pt; жоларалық интервал - 1,0.
  • Бет жиектері барлық жағынан 2 см; мәтін ені бойынша тураланады.
  • Тезистің соңында 3-5 түйін сөз көрсетіледі.
  • ORCID идентификаторын көрсету ұсынылады, бірақ міндетті емес.

Тезисті рәсімдеу талаптары (DOCX)

Соңғы мерзім: 2026 жылғы 16 қазан, сағат 21:00, UTC+5.

Тезистің жіберілуі оның жинаққа қабылданғанын білдірмейді; материалды ұйымдастыру комитеті қарайды.

Тезистерді қабылдау аяқталды. Қосымша сұрақтар бойынша ұйымдастыру комитетіне хабарласыңыз

Хат

Ақпараттық хат

Ақпараттық хат әзірге қолжетімсіз. Файл ұйымдастыру комитеті ұсынғаннан кейін осы бөлімге қосылады.

Байланыс

Байланыс

Негізгі өтетін орын: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет сарайының кіші залы, Бекзат Саттарханов даңғылы, 29, Түркістан.

epilepsyconference@ayu.edu.kz